Қазақстан күрдтері қауымдастығының басшысы дүниеден озды

Ғалым Князь Ибрагимұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына талмай, белсенді ат салысты.

8 тамызда Халықаралық күрд қауымдастығы федерациясының (IFCO) төрағасы және Қазақстан Республикасы күрдтерінің "Barbang" қауымдастығының президенті Князь Ибрагимұлы Мирзоев ауыр дерттен 75 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстандық қауым үлкен шығынға ұшырады, ғалым, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан күрдтері қауымдастығының жетекшісі Князь Ибрагимұлы Мирзоев қайтыс болды, делінген ҚР АҚДМ баспасөз қызметі хабарламасында.

Ғалым Князь Ибрагимұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына талмай, белсенді ат салысты.

Князь Ибрагимұлы нағыз кәсіби, бүкіл өмірін өз саласына риясыз арнаған адам. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мирзоев Князь Ибрагимұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туыстары мен әріптестеріне шын жүректен қайғырып, көңіл білдіреді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: