Елорда әкімі грантының иегерлері анықталды

Grantist.com
Биыл тұңғыш рет спортшыларды қолдау мақсатында спорт мамандығы бойынша 50 грант берілді.

Дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне берілетін қала әкімінің грант иегерлері анықталды, деп хабарлайды zakon.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Биыл тұңғыш рет спортшыларды қолдау мақсатында спорт мамандығы бойынша 50 грант берілді. Арнайы құрылған комиссия мүшелері азаматтардың Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарын қарастырды.

Заңнамаға сәйкес өтініш білдірген талапкерлердің спорттық атақтары мен 2019-2021 жылдарғы спорттық жетістіктері, яғни Қазақстан Республикасының чемпионаты, халықаралық, республикалық жарыстарға қатысып, орын алған спортшылар, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары, толық емес отбасы, мүгедек спортшылардың отбасылары ескеріліп, конкурстық комиссия шешім қабылдады.

Грант тізімімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады