Белгілі археолог Каспий жағалауынан 200 жылдық тарихы бар жәдігер тауып алды

instagram.com / akimat_mangystau
Тарихи жәдігер Түпқараған ауданына қарасты "Түлкілі сай" жеріндегі теңіз жағалауында көміліп жатқан.

Танымал археолог Андрей Астафьев осыдан 200 жылдан астам уақыт бұрын Каспий теңізінде жүрген кеменің бекіткіш бұрандалары мен шегелерін тауып алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тарихи жәдігер Түпқараған ауданына қарасты "Түлкілі сай" жеріндегі теңіз жағалауында көміліп жатқан, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Археологтың зерделеуінше, кеме ХVIII ғасырдың аяғында Каспий теңізінде жүзіп жүрген жерінен апатқа ұшыраған. Су құралының ағаш шантағын су шайып кеткенімен, темір бұйымдар теңіз түбінде шөгіп қала берген. Жылдар өте, теңіз деңгейінің өзгеруімен құрлыққа шығып, археолог қазып алғанша бой көрсетпеген.

Андрей Астафьев бұл олжасын Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына өткізді, - дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Археологтың музейте табыстаған сыйлығы бір бұл емес. Қарақабақ қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу кезінде үңгірге тап болып, оның ішінен кендір арқан мен арқанға байланған ілмектер тапқан. Кемеге қатысты заттар екені көрініп тұр. Кемі бір ғасыр бұрын әзірленсе де, құрғақ жерде жатқандықтан жақсы сақталған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев