2019 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне Абай атындағы опера және балет театрының бір топ хор әртістері театр ішіндегі есеп-қисап жұмыстарын тексеруді сұрап, хат жолдаған, деп хабарлайды zakon.kz.
Министрліктің нұсқауымен басталған тексеру барысында хормейстер Қысықовтың бес жыл бойы жартылай ставкамен хор әртісі мамандығы бойынша заңсыз еңбекақы алып келгені әшкереленген. Жалпы, осы заңсыз әрекеттің салдарынан театрға 2 млн 500 мың теңге зиян келтірілді деген шешім шыққан болатын. Бірақ хормейстер Қысықовқа қатысты ешқандай шара қолданылмады, ол бар болғаны өз еркімен жұмыстан шығып кетіпті.
Сондай заң бұзушылық жасап кеткеніне қарамастан, 2 жыл өткен соң Қысықов жұмысқа қайтадан қабылданыпты.
Осындай заңсыз іс-әрекеттерді заң орындары тексеріп, әділетті шешім шығарылуын талап етеміз, дейді хор әртістері.