Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан" орденімен марапаттаған Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері Досхан Жолжақсынов 70 жасын дүркіретіп атап өтті.
Мерейтойда актерді жарымен бірге ерекше күйге бөлегендерің бірі - өздерінің қызы Ділдә. Бұл туралы актердің жары Қарагөз Сүлейменова Instagram-дағы парақшасында жазды.
Өмірде баладан асқан қандай бақыт бар. Қызымыз Ділдәміз Досекеңе арнап осындай тосын сыйын арнады. Әннің сөзін өзі жазып, балалық махаббатын білдірді. Сондай жан тебіренерлік көрініс. Қызымыз Мәскеуден ұшып келіп, ең бақытты сәтімізді әкесіне арнау әнімен тіпті нұрландырды, деп жазды аяулы ана, сүйікті жар.
View this post on Instagram
Дереккөз: zakon.kz