Петропавлдағы бірнеше мектепке Алаш арыстарының есімін беру ұсынылды

wikipedia.org
Құжат бойынша қаладағы № 25 мектепке Әлихан Бөкейханның, № 2 мектепке Смағұл Сәдуақасұлының, № 9 мектепке Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру ұсынылған.

Облыстық мәслихат депутаттары осындай шешім қабылдап, оны республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжат бойынша қаладағы № 25 мектепке Әлихан Бөкейханның, № 2 мектепке Смағұл Сәдуақасұлының, № 9 мектепке Ахмет Байтұрсынұлының және де ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімін беру ұсынылған, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ернияз Сұлтанов, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы:

Республикалық ономастика комиссиясы жоғарыда аталған ұсыныстарды қолдау, оң қорытынды беріп жатқан жағдайда біздің тарапымыздан ҚР Үкіметі қаулы жобасы әзірленіп, мүдделі министрліктермен келісіп, ҚР премьер-министрі кеңсесіне жолданатын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады