Сүйінші! Сұлтан Бейбарысқа қатысты жәдігер табылды

Facebook/Kairat Lama Sharif
Мысырлық мәмлүктанушылар бұрын-соңды әлеуметтік желілерде жарияланбаған аз-Захария медресесі қақпасының суретін тауып берді.

Мысырда Сұлтан Бейбарыс медресесі қақпасының еш жерде жарияланбаған суреті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қазақстанның Мысырдағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф Facebook-тегі парақшасында жазды.

Мысырлық мәмлүктанушылар бұрын-соңды әлеуметтік желілерде жарияланбаған аз-Захария медресесі қақпасының суретін тауып берді. Осы үшін Имад Осман Махран бастаған мәмлүктанушыларға және Мысырдың Көне ескерткіштер мен туризм министрлігінің қызметкерлеріне шексіз алғысымды айтамын. 1262 жылы Айн Жалұт шайқасынан жеңіспен оралған Сұлтан Бейбарыс Каирде теңдесі жоқ жаңа үлгідегі медресе салып, оның бас қақпасын Каирдің қол өнер шеберлеріне жасатады. Қақпаның маңдайшасында "Моңғол-татар басқыншылары мен кресшілерге Мысыр жерін бастырмаған әл-Мәлик аз-Заһир Рүкн ад-Дин Бейбарыс" деп жазылған.
Машалла! Көне Каир шаһарының төрінде осындай әшекейлі Жеңіс қақпасын орнатқан Сұлтан Бейбарыстың сәулет өнеріндегі талғамы зор болғанын айғақтайды, делінген сүйінші жазбада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды