Ресейлік танымал кинорежиссер дүниеден озды

Сурет: WikiCommons
2020 жылдың қаңтарында Соловьев ишемиялық инсультқа ұшырап, ауыр халде ауруханаға түскен. БАҚ сол кезде онда қант диабеті барын, жүрегінің осал екенін жазған еді

Кеңестік кезеңдегі және РФ кинорежиссері Сергей Соловьев дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабармен Рен ТВ бөлісті.

Сергей Соловьев Ленин комсомолы сыйлығының (1975), КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1977) иегері және Ресей Федерациясының халық әртісі (1993). Ол 77 жаста еді.

2020 жылдың қаңтарында Соловьев ишемиялық инсультқа ұшырап, ауыр халде ауруханаға түскен. БАҚ сол кезде онда қант диабеті барын, жүрегінің осал екенін жазған еді.

Оның басты көрнекті шығармалары: "Құтқарушы" (1980), "Таңдаулылар" (1983), "Бөтен ақ пен шұбарала" (1986), "Асса" (1987), "Жұмсақ жас" (2000).

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы