РИА Новости агенттігі АҚШ соты Алек Болдуиннің телефонындағы деректерді тексеруге ордер бергенін хабарлайды. Бұған дейін актердің адвокаттары телефонды сот рұқсатынсыз беруден бас тартқан.
Полиция телефонда кісі өлімін тергеуге қажетті ақпараттар болуы мүмкін деп санайды. Түсірілім алдында актер фильмнің қару-жарақ маманынан өзіне үлкенірек тапанша беруді сұрағаны белгілі. Бұл туралы актердің Ханна Гутеррес-Ридпен хат алмасуы жөнінде тіркелген ордердегі ақпаратта айтылған.
Ол (Болдуин. – Ескерт. ред.) Ханна мен арада электронды хат алмасқанын, онда ол оған әртүрлі тапаншаларды көрсеткенін айтады. Ол үлкен мылтық сұрағанын айтады, сонымен қатар оған Ханна әртүрлі пышақтардың суретін көрсеткен. Алектің назарына ұстайтын жері қоңыр және қызыл Colt көрсетіледі, соңында ол қоңырын таңдайды. Сот ордерінің мәтіні
2021 жылдың 22 қазанында "Тот" фильмін түсіру кезінде Алек Болдуин абайсызда оператор Галина Хатчинсті атып өлтірді және режиссер Джоэль Соузды жарақаттады. Оның тапаншасында өтірік оқтың орнында ұрыс оқ-дәрісі болған.