Ұлттық банк TILASHAR коллекциялық монеталарын таныстырды

Сурет: Ұлттық банктің баспасөз қызметі
Қазақстан ұлттық банкі TILASHAR коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Zakon.kz

Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиордан және номиналы 100 теңгелік нейзильберден жасалған монеталар «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясын жалғастырады.

«Тілашар» – әр отбасының өміріндегі ерекше оқиға. Бұрын әдет-ғұрып бала алғашқы сөздерін айтқаннан кейін жасалған. Бүгінгі таңда дәстүр білім алу жолындағы алғашқы қадамды білдіреді.  

Монеталардың басты бетінің (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, айналдыра – QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY • REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деген жазуы, төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін жазу орналасқан.

Монеталардың екінші бетінде (реверсінде) мектеп атрибуты элементтері бар балалар суреттерінің бейнелері, монетаның металын, сынамасын және массасын білдіретін, соғылған жылы көрсетілген жазу орналасқан.

Сурет: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Күмістен, мельхиор қоспасынан және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет жағы мен сырт жағының бейнелері бірдей. Күмістен жасалған монеталар түрлі-түсті эмаль жағу технологиясын қолдана отырып жасалған, мельхиордан жасалған монеталарда интерференциялық құбылмалы бет қабатын жағу технологиясы қолданылған.  

Сурет: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Биылдан бастап 10, 20 жылдық көліктерге салық 30%-ға азаяды

Қазақстандағы сайттардың үштен бірі соңғы 2 жылда пайда болған — Қазнет күніне орай Yandex Qazaqstan зерттеуі