Димаш Дубайдағы EMIGALA Fashion Awards кешінде марапатқа ие болды

Сурет: dimashnews.com
24 наурызда Дубайдағы Burj Al Arab қонақүйінде ең үлкен EMIGALA Fashion Awards салтанатты рәсімі кең көлемде өтті. Шарада Димаш «SOS» әнін орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

EMIGALA Fashion Awards салтанатты кешіне адамның ішкі жандүниесін оның образы арқылы танытатын танымал кәсіпқойлар мен білгірлер жиналды.

Бұл марапаттау адамның жеке даралығын ашуға бағытталған үш негізгі идеядан тұрады:

Dimashnews.com-ның хабарлауынша, көрермен жұлдыздардың қызыл кілемде жүріп өтуін және GALA Fashion Awards 2022 салтанатты рәсімін Дубайдың ірі телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.

Димаш Құдайберген қызыл кілемге екі әжесі – Миуа мен Бибігүлдің, сонымен қатар EMIGALA Fashion Awards директоры Доктор Мишель Дахердің сүйемелдеуімен шықты.

Журналистер әншінің екі әжесінен Димаш қандай бала екенін сұрап үлгерді. Сонымен қатар Мишель Дахерден шағын түсініктеме алды.

Сурет: dimashnews.com

Димаш – халықаралық әнші. Бәріміз оның істеген әрі істеп жатқан еңбегін мақтан тұтамыз. Оның ән салу мүмкіндігін де мақтан етеміз. Ол – шынымен де бүкіл әлемге жақсылықтың жаршысы болып жүрген адам.EMIGALA Fashion Awards директоры

Димаш Құдайберген дүниежүзіндегі барша жанкүйеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, олардың әрқайсын жақсы көретінін және бағалайтынын жеткізді.

Халықаралық атағы бар орындаушы ретінде Димаш EMIGALA жүлдесін алып, оны музыкалық білім алуына үлкен үлес қосқан әжесі Миуа апаға арнады.

БАЭ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды