Иманбек әлемді аралап, турне өткізбек

Сурет: Instagram/imanbekmusic
Қазақстандық диджей, Грэмми сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов «RAHMET WORLD TOUR» деп аталатын әлемдік турнесі басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Рахмет туры туралы хабарлама ақыры жарияланды. Басқа да даталардан хабардар болу үшін бізбен бірге болыңыз, – деп жазды Иманбек Instagram-дағы парақшасында.

Грэмми сыйлығы иегерінің концерттері Еуропа мен АҚШ қалаларында өтеді. Әлемдік тур 8 сәуірде басталып, 25 қыркүйекке дейін жалғасады.

Иманбектің концерті ең бірінші Нью-Йоркте өтеді. Одан кейін Флорида, Бразилия, Норвегия, Италия, Венгрия, Германияда концерттер болады.

Желі қолданушылары Иманбекті қолдап, таңданысын, қуанышын жасырмады.

Еске сала кетейік, Наурыз мейрамы қарсаңында диджей Халық артисі Роза Рымбаевамен бірігіп «Наурыз-Думан» әніне ремикс жазған еді. Тректі әншілер Наурыз мейрамында тыңдарманға тарту етті.

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды