Алматыда балалар фестивалі басталды

Сурет: pixabay
Оңтүстік астанада бүгін «Алматы БАЛАFEST» байқауы басталды. Фестивальге 300 мыңнан астам бала қатысады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Алматы БАЛАFEST» мерекесінде балалар әдебиет, музыка, робототехника, спорт және тағы басқа салалар бойынша өнер көрсетеді, көңіл көтереді. Алматы әкімдігінің хабарлауынша, байқау 5 мамырда басталып, 28 мамырда қорытындыланады.

1 маусым күні фестиваль аясында мерекелік іс-шаралар өтеді. Кішкентай қала тұрғындарын ертегі кейіпкерлері, мультфильмдер мен комикстердің кейіпкерлері қызықтырады. Балалар үшін танымдық ойындар, спорттық жарыстар, шеберлік сыныптары, көрмелер және басқа да көптеген ойын-сауықтар ұйымдастырылмақ.

Мерекелік концерттік бағдарламаға кішкентай жұлдыздар қатысады. Алғаш рет балалар мерекесі үшін арнайы жазылған фестиваль әнұраны шырқалғалы тұр.

Алматы
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Димаш Құдайбергеннің әлемдік турына әр елдегі жанкүйерлері қазірден бастап дайындалып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты