Белгілі театр режиссері Рубен Андриасян дүниеден озды

Сурет: tl.kz
Михаил Лермонтов атындағы Алматы драма театрының бұрынғы көркемдік жетекшісі Рубен Андриасян дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Алтын Адам" ұлттық сыйлығының лауреаты, профессор Рубен Андриасян 84 жасында өмірден озды.

Қаралы хабар әлеуметтік желіде жарияланды.

Рубен Суренович 1938 жылы 31 қазанда дүниеге келген.

Білімі жоғары - Ереван театр-көркемсурет институты, КСРО Халық әртісі Вардан Аджемянның сыныбы (1963 жылы бітірді).

Еңбек жолын Қызылорда облыстық қазақ драма театрының бас режиссері (1963 ж.) болып бастады. Одан кейін М.Горький атындағы Қостанай облыстық драма театрының бас режиссері, К.Станиславский атындағы Қарағанды облыстық драма театрының бас режиссері (1966 ж.), М.Лермонтов атындағы республикалық орыс драма театрының режиссері (1972 ж.), Алматы қаласындағы балалар мен жасөспірімдер театрының бас режиссері (1974 ж.), М.Лермонтов атындағы орыс драма театрының көркемдік жетекшісі (1983 ж.) болды.

Ол Қазақстан мен ТМД театрларында 100-ге жуық спектакль қойды.

Zakon.kz редакциясы Рубен Суреновичтің туыстары мен достарына көңіл айтады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді