Димаш Құдайбергеннің жаңа композициясы әлемдік чартта үздік ондыққа енді

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайбергеннің «О’кей» атты жаңа композициясы Billboard’s Hot Trending Songs хит-парадының үздік ондығына кірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Димаштың «О’кей» атты жаңа композициясы Billboard’s Hot Trending Songs хит-парадында 8 орынға ие болды. Жоғарыдағы жолда «Fly Away» әні бар, ол 22 апта бойы үздік 10-тың тізімінде, деп жазды dimashnews.com.

Billboard — Hot Trending Songs жаңа чартына алғаш рет 2021 жылдың күзінде Димаштың «Fly Away» композициясы енген еді.

Кейін «Fly Away» әніне Димаштың «Be with me» авторлық композициясы қосылды, ол 24 апта бойы чарттың тізімінде тұрды.

2022 жылғы қаңтарда Димаштың композициялары апталық чартта 1 және 3 орын алып, рейтингтің ең жоғарғы жолдарына көтерілді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды