Жерлестеріміз «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінің лауреаты атанды

Сурет: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
Биыл Витебскідегі «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде Қазақстан атынан Ерік Төленов, ал балалар байқауында Алинур Хамзин өнер көрсетті. Екі орындаушы да байқаудың лауреаты атанды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерік Төленов ұлттық дәстүрді сақтаудағы жоғары шеберлігі үшін мемлекетаралық «МИР» телерадиокомпаниясының «Песня – Путь к Содружеству» арнайы марапатына ие болды. Сондай-ақ Ерік Төленов халықаралық байқаудың лауреаты атанды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Сурет: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Ал 12 жастағы Алинур Хамзин балалар арасында осы сайыста екінші орын алды.

Сурет: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Біздің анықтама:

Ерік Төленов 1993 жылы Түркістан облысы, Ащысай ауылында дүниеге келген. Кентау қаласындағы №23 Тұрар Рысқұлов атындағы мектепті, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын бітірген, 2014-2016 жылдары түрлі музыкалық топтарда өнер көрсеткен. 2021 жылы Mozart халықаралық шығармашылық фестивалінің және Welle-music wave халықаралық байқауының гран-при иегері атанған, The Voice of Kazakhstan танымал байқауында II орын алды. Оның қойылымы әлемнің ең үздік The Voice шоуларының қатарына енді.

Алинур Хамзин 2010 жылы Орал қаласында дүниеге келген. №27 мектеп-лицейінің 6-сыныбында және № 1 музыка мектебінде оқиды. Соңғы 5 жылда республикалық конкурстарға, тележобаларға және халықаралық конкурстарға, оның ішінде Париждегі Junior Eurovision байқауына, Ташкенттегі «Роза востока» халықаралық конкурсына қатысқан. Сондай-ақ, ол әр түрлі тележобалар мен конкурстардың лауреаты.

Беларусь

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі