АҚШ-та Гран-при алған отандық би ұжымының жетекшісі арнайы төсбелгiмен марапатталды

Сурет: gov.kz
АҚШ-тың Калифорния штатында 22-31 шілде аралығында орындаушылық өнер түрлерінің 25-ші мерейтойлық әлем чемпионаты өтіп, бас жүлдені петропавлдық «Sensitive» бал биі театры олжалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осындай биік жетістігі үшін ансамбльдiң көркемдiк жетекшiсi Ольга Ростовщикова «Мәдениет саласының үздiгi» төсбелгiсiмен марапатталды.

Бұл туралы СҚО әкiмдігінің сайтында хабарланды.

«Sensitive» би ансамблi бүкiл әлемдi бағындырды. АҚШ-та өткен сахналық өнерден әлем чемпионатының жеңiмпаздары елге оралды. Ансамбль ұжымына әлемдiк аренадағы үлкен табысы үшiн алғыс айтамын. Ансамбльдiң көркемдiк жетекшiсi Ольга Ростовщикова «Мәдениет саласының үздiгi» төсбелгiсiмен марапатталды. СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов

Гран-при, қазылар алқасының және көрермендердiң жоғары бағасы — күнделiктi тынымсыз еңбектiң жемiсi. Бишiлерiмiздiң жеңiсi Солтүстiк Қазақстан жерiнiң таланттарға бай екенiн тағы бiр дәлелдедi.

Айта кетсек, жақында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Анахайм қаласында 22-31 шілде аралығында орындаушылық өнер түрлерінің 25-ші мерейтойлық әлем чемпионаты өтті. Байқауға 72 елден 3 мыңнан аса конкурсант қатысты. Еліміздің намысын петропавлдық «Sensitive» бал биі театры қорғап, бас жүлдені олжалады.

Сурет: gov.kz

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме