"Аватар" фильмі қазақ тіліне аударылды

Сурет: pixabay
"Аватар" фильмі жаңартылған бейнеде, өңделген дыбыспен қазақ тілінде қалың көрерменге жол тартады. Бұл туралы 24 қыркүйекте ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық шығармашылық дубляж тобы фильм мәтінін қазақ тіліне аудару, оның локализациясы және дыбыстау бойынша сапалы жұмыс атқарды. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев

Министрдің айтуынша, түпнұсқаны қайта шығарудағы мақсат – кейінгі онжылдықтың ең айтулы фильм болады деп күтіліп жатқан "Аватар: Су жолы" екінші бөлімінің шығуымен орайластырылып отыр. Оның да ана тіліміздегі премьерасының шымылдығы биыл 16 желтоқсанда түріледі.

Бұдан бөлек, Мәдениет және спорт министрлігі "Интервидео" компаниясымен бірлесіп әлемдік премьерасы алдағы 10 қарашада өтетін MARVEL әлемінің "Қара пантера: мәңгі Ваканда" фильмін де қазақ тіліне дубляждайтынын айта кеткім келеді.

Министрдің айтуынша, алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жүріп, картиналардың қазақ тіліндегі прокаты көбейе береді.

Қазақстан
Абаев Дәурен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды