Президент "шын мәнінде, қос алыпты бөле-жарып қарау мүмкін емес" екенін баса айтты.
Олар Абай мұрасын зерттеп, дәріптеуге өлшеусіз еңбек сіңірді. Төл әдебиетімізді жаңа белеске көтерді. Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент "Мұхтар Әуезов Абайды, Абай арқылы қазақты бүкіл әлемге танытқанын" тілге тиек етті.
Ұлы ойшылдың көркем бейнесін сомдап, оның асыл мұрасын адамзаттың ортақ қазынасына қосты. Жазушының әр туындысы жұртымыздың жүрегінен өшпес орын алды. Мұхтар Әуезов – әлем әдебиетінің шыңына көтерілген қаламгер. Қасым-Жомарт Тоқаев
Қайым Мұхамедханов туралы мемлекет басшысы "қуғын-сүргінге ұшыраса да, елге адал қызмет еткенін" айтты.
Ал Қайым Мұхамедханов – ұлы жазушының жақын серігі әрі шәкірті. Ол бүкіл ғұмырын Абайтану, Шәкәрімтану және Алаштану ғылымына арнады. Қуғын-сүргінге ұшыраса да, тағдырдың сынағына қарсы тұрып, еліне адал қызмет етті.