"Тұран" ансамблі Сеулдегі фестивальдің шымылдығын түрді

Сурет: Zakon.kz
Корея Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған іс-шара 3 жылдан кейін, енді ғана ұйымдастырылды. Бұған дейін пандемияға байланысты Кореяға кіруге шектеу болған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фестивальға Корея, Таиланд, Индонезия, Филиппин және Жапония өнерпаздары қатысты. "Тұран" ансамблі Кореяда қазақ мәдениетін осымен үшінші рет таныстырып отыр. Әртістерміздің репертуарында корей әндері де бар. Фестиваль Сеулдегі ірі саябақтардың бірінде өтті, деп хабарлайды "Хабар 24 ".

Кореяға келуіміз бірінші рет емес. Өте жақындасып қалдық бұл халықпен. Осы жақта тындарманымыз бар. Бізді асыға күтті сондықтан да біз де асықтық осы жаққа қарай. Бұгін біз осы фестивальдің ашылуында. Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызының "Шабыт" атты композициясы бар. Соны тарту еттік. Және де осы фестивальдің идеясы десек болады, бірігу идеясын ұсындық. Яғни Исраил Сапарбайдың сөзіне жазылған "Ер Тұран" деген шығармасын орындап бердік. "Тұран" ансамблінің мүшесіМақсат Медеубек
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды