"Біз құдандалы болдық". Желіде Иманбектің үйлену тойынан түсірілген видео жарияланды

Сурет: Facebook/Бауржан Джансеитов
Отандық танымал диджей Иманбек Зейкенов шаңырақ көтерді. Әлеуметтік желіде жарияланған суреттер мен видео осыны айғақтайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бауыржан Жансейітов Facebook-тегі парақшасында тойда түсірілген суреттер мен видеоны жариялады.

Біз құдандалы болдық. Біздің Айшабибі мен Иманбек дүркіретіп үйлену тойын өткізді!, делінген желіде жарияланған суреттер мен видеоның сипаттамасында.

Музыканттың өзі әлеуметтік желідегі парақшаларында үйлену тойы туралы ләм-мим деп жақ ашпаған.

Дегенмен осыған дейінгі бір сұқбатында Иманбек Айби деген қызбен жүріп жүргенін, оған бір жарым жыл болғанын айтқан еді. Шетелден жүлде алып, Иманбектің жұлдызы жанғанда да алғашқы болып сүйіктісі құттықтаған болатын.

Иманбек - Қазақстандағы және ТМД-дағы Grammy сыйлығының жалғыз иегері.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты