Туынды "Мені ойлап жүрмісің" деп аталады.
Дәстүрлі Шәмші әнінің кешінде үш буын: аға буын, орта буын, жас буын ән орындайды. Шәмші Қалдаяқовтың ән кешінде бұрын орындалмаған, орындалса да аз орындалған әндерін және Шәмші әндерін айтпаған әншілерді шақыруға тырысамыз. Осы жерде де халық ертең соның куәсі болады. Шәмші әні жылдан жылға айтыла береді. Шәмшітанушы, композитор Қалдыбек Құрманәлі
Жыл сайын өтетін Шәмші әндерінің кешінде талап өзгермейді дейді ұйымдастырушы. Яғни "Ән ағаның" көзі тірісінде жазып кеткен сазды әндерінің сөзі мен ырғағы бұзылмай халыққа жетуі керек. Композиторға арналған кеш ертең Алматыдағы Республика сарайында өтеді. 32 туындысы орындалады.
Сондай-ақ Қалдыбек Құрманәлі концертте жас буындарға да ән айтуға мүмкіндік беріпті. Сол арқылы жастарды Шәмші әндеріне баулу – мақсатымыз дейді.
Ән ағаға арналған байқауды да қайта қолға алуды көздеп отыр.
Айта кетсек, биыл Мемлекет басшысының жарлығымен Шәмші Қалдаяқовқа "Қазақстанның еңбек ері" берілді.