"Алаш рухты азамат". Асанбай Асқаров туралы кітап жарық көрді

Сурет: Zakon.kz
Түркістанда мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың өмірінен сыр шертетін "Алаш рухты азамат" атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлемі 16 баспа табақ болатын жинаққа қазақ халқының біртуар перзентімен қызметтес болғандар, шәкірттері, рухтас інілері, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерінің жылы естеліктері топтастырылған. Одан бөлек, кеше ғана дүниеден озған белгілі жазушы Мархабат Байғұттың "Асқаровтың аққайыңдары" атты пьесасы және дара тұлғаның қуғынға ұшырап, тар қапаста жатып аяулы жары – Фатима Ғалиқызымен, балаларымен және тілеулес жандармен жазысқан хаттары енген, деп хабарлайды "Хабар 24".

Біздің кешегі тарихтан өткен үлкен тұлғаларымыздың үлгі-өнегесін, жұмыс істеу тәсілін, халыққа қалай қызмет етті, осыны бір бағыт жасап, бұның өзін бір басқару жүйесі ретінде келешек ұрпақтың бойына сіңіре отырып, біз кімбіз деген сұрақтарына жауап алатын үлкен бағыт деп ойлаймын. Оның қасиетін, қадірін, еңбекке деген, халқына деген, мемлекетіне деген іс-тіршілігінің бәрі айтылады. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі