"Томирис" - кейінгі жылдардағы сапалы түсірілген тарихи фильмнің бірі" деген баға алды

Сурет: фильмнің постері
14 желтоқсанда Сауд Арабиясындағы Ambassadors Choice International Film Festival кинофестивалінде қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" атты көркем фильмі көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кино ежелгі грек тарихшысы Геродот Галикарнастың массагет патшайымы туралы әңгімелейтін шежірелеріне негізделген.

Фестивальге Қазақстанмен қатар Үндістан, Испания, Аустралия, Куба, Швеция, Бангладеш, АҚШ, Ливан, Сауд Арабиясы, Алжир, Ливан, Палестина сияқты елдер қатысты. 

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, фильм жергілікті көрермендер мен дипломатиялық корпус өкілдері жоғары бағалаған. Олар сонымен бірге жауынгерлік, шабандоздық көріністерінің шебер орындалғанын айтып, "Томирис" фильмін кейінгі жылдардағы сапалы тарихи фильмдердің бірі деп атаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады