Бірінші Орталық Азия медиа форумында сөйлеген сөзінде Димаш Құдайберген бейбітшілік – адамзат үшін ең жоғары құндылық екенін баса айтты.
"Бүкіл әлемде келісім мен бейбітшіліктің басты кілті - бейбіт саяси дипломатия, елдер арасындағы қарым-қатынаста басқа мемлекеттің шекарасын, аумақтық тұтастығын және ішкі саясатын құрметтеу. Бірақ, ғылыми зерттеулерге қарасақ, адамзат тарихының кейінгі 5,5 мың жылында адамдар 292 жыл ғана бейбіт өмір сүрді".Димаш Құдайберген
Оның айтуынша, бүгінгің өзекті мәселелерінің бірі – ХХІ ғасырда сөзсіз кедейлікке, аштыққа, адамдардың өліміне және тұтас халықтардың рухани азғындауына әкелетін соғыстың алдын алу.
"Мені осы сұрақ қатты мазалайды: біз бірігіп бейбітшілікті қалпына келтіруге тырысамыз, бірақ оған жете алмай жатырмыз? Неліктен осылай болып жатыр? Неліктен бірнеше адамның саяси амбициясы үшін мыңдаған адамдар зардап шегіп жатыр? Оны қалай тоқтатуға болады? Соғысты еш нәрсемен ақтауға болмайды. Басқа адамдарды өлтіру арқылы кей адамдарды құтқару идеясының өзі қарама-қайшы".Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген атап өткендей, соғыстың себебі – діндер арасындағы, этностар арасындағы қақтығыстар, саяси жүйелердің қақтығысы.
"Әлемдік державалардың басшылары өздерінің шексіз амбицияларының арқасында басқа елдердің өздерінің саяси көзқарастарына сай өмір сүргенін қалайды. Олар өздерінің құдай емес екенін ұмытып кетеді. Біз ересектер өзімізді балалардан да ақылды санаймыз, өйткені біз оларды оқытып, тәрбиелейміз. Бірақ әрқайсымыз бір сұраққа жауап беруіміз керек: дүниежүзінде екі-үш ересек адам миллиондаған баланы өлтіреді, бірақ сіз балалар арасындағы жанжалдан мыңдаған ересектер өліп жатқанын естідіңіз бе? Сонда кім ақылды? Балалар ма, біз бе?"Димаш Құдайберген