Димаш жанкүйерлеріне Интернетте өз атынан алаяқтар әрекет етіп жатқанын ескертті

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Танымал әнші Димаш Құдайберген өз жанкүйерлеріне ескерту жасап, видео үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram-дағы парақшасына жүктеген видеосында әнші өз жанкүйерлерін алаяқтардан сақ болуға шақырады.

"Интернет желісінде, Facebook-те Димаш Құдайберген болып ашылған парақшалар халыққа зиянын тигізе бастады. Маған да зиянын тигізіп бастады. Жалпы, мен ешқашан ақша сұрайтын интерактивтік интернет арқылы ойындар өткізген емеспін. Тікелей эфирдің өзіне, тыңдармандарым біле жатыр, қаншама мәрте сұрап жатқанның өзінде 3-4 рет шыққанмын, онда да алдағы шығармашалық жаңалықтарыммен бөлісу үшін". Димаш Құдайберген

Әнші осы тікелей эфирдегі сәтті скриндеп алғандар оны мүлде алабөтен мақсатта пайдалануда екенін ескертеді.


"Димаш Құдайберген деген парақша ашып, сол халықпен тілдескен сәтімнің скринін орналастырып, өздерінің алаяқтық жұмысын жүзеге асыру мақсатында пайдаланып бағуда. Лоторея сияқты түрлі бәлекеттер ұйымдастырып жатқан көрінеді. Ешқашан оған сенбеңіздер, алданып қалмаңыздар, мен ондай нәрсе өткізген емеспін, алда өткізбеймін де, өйткені оның маған керегі жоқ. Ескерту үшін осы видеоны түсіріп жатырмын". Димаш Құдайберген
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды