Павлодарда спектакль қойылып жатқанда театр жұмысшысы көз жұмды

Сурет: teatrpavlodar.ru
Павлодарда қойылым қойылып жатқан кезде сахнаны әзірлеп, монтаждаушы жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz-нің хабарлауынша, А. П. Чехов атындағы облыстық драма театрында сағат 18:40-та жексенбілік спектакль болып жатқан кезде ер адам өзін жайсыз сезініп, құлаған.

Көрермендерден залды босату сұралып, актерлер қойылымның екінші бөлігін орындауға сахнаға шықпады. 

Драма театрының директоры Виктор Аввакумовтың айтуынша, 43 жастағы театр жұмысшысы тромбтың жарылуы кесірінен көз жұмған. 

Жерлеу рәсімі 25 қаңтарға жоспарланған.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады