Ат арбаға тиелген бөшке: ТЖМ өткен ғасырдағы өрт сөндірушілердің суретін жариялады

ҚР ТЖМ тарихтан сыр шертетін суреттер топтамасын жариялады. Суретте осыдан бір ғасыр бұрынғы Ақтөбе облысы мен Семей қаласының өрт сөндіру командасы, олардың атқа тиелген құрал-жабдығы бейнеленген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы өрт сөндіру көліктері пайда болғанға дейін өрт сөндірушілерге ат- бөшке қызмет еткен.

Ат-бөшке жүрісі – өрт орнына өрт сөндірушілерді, су бөшкелерін, өрт сорғысын, жабдықтарды және басқа да керек-жарақтарды жеткізетін ат арба.

Ат-бөшке жүрісінің сыйымдылығы 392 литр, жүктелген салмақ 760 кг, максималды жылдамдығы сағатына 12-15 км болған.


Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт орнына келген кезде команда сорғыны арбадан алып тастап, "сорғыш жеңқұбырды" су көзіне немесе бөшкеге түсіріп, суды қолмен сорып алатын болған.

Сонымен қатар арбада үнемі ұзын тұтқасы бар ыдыс болған, бұл су қоймасынан бөшкеге суды тез алуға мүмкіндік берген. Ат бөшке жүрісінің жиынтығында заманауи сиренаның өзіндік аналогы – қоңырау да болған.


Қазақстан Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: