Алаштың бұлбұлы Күләш Байсейітованың қызы дүниеден озды

Сурет: Instagram.com/abay.kaz.ntob/
Алматыда Алаштың бұлбұлы, қазақ операсының негізін қалаған Қанабек Байсейітов пен Күләш Бейсейітованың қызы Қарлығаш Байсейітова 83 жасына қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабар Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының Instagram парақшасында жарияланды. 

"Қарлығаш Қанабекқызы өмірінің соңғы күндеріне дейін Қазақстанның кәсіби музыкалық өнері мен театрымыздың пайда болуы туралы баға жетпес тарихи деректермен жомарттықпен бөлісе отырып, ата-анасы жайлы естеліктерді жадында сақтады. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының ұжымы отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Жарқын бейнеңізді, мейірімділігіңізбен шынайылығыңызды, айналаңыздағы адамдардың тағдырына және музыкалық өнердің тарихи мұрасына бей-жай қарамауы біздің жүрегімізде мәңгі жадымызда сақталады", делінген жазбада.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр