"Өлеңі тоқтамайды...". Алматылық қаралы қауым Darkhan Juzz-дың рухына тағзым етті

Сурет: видеодан алынды
Алматылықтар Таиландта қаза тапқан Darkhan Juzz бүркеншік атымен танымал, музыкант Дархан Жүнісбековпен қоштасып, оның рухына тағзым етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы қауым Арбатқа марқұмның Qazaq indie жанрындағы әндерін айту үшін жиналды. Блогер түсірген видеодан көрініп тұрғандай, жарығы қосылған ұялы телефондарын көкке көтеріп, әншінің әнін жаппай орындаған жанкүйерлер сүйікті музыкантымен осылайша қимай қоштасты. 


Бұған дейін хабарланғандай, белгілі қазақстандық әнші Дархан Жүнісбеков (Darkhan Juzz) Таиландта қаза тапты. Кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі әншінің Таиландтағы Пхукет аралында жол апатынан көз жұмғанын растады. 

Дархан Жүнісбеков (Darkhan Jazz) 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген. Ол рэп әндерін орындаушы, бірқатар әндердің авторы әрі саунд-продюсер. Darkhan Juzz өз шығармашылығында классикалық трап, акустикалық гитара және сыршыл лириканы жарасымды етіп, ұштастырады.  

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды