Darkhan Juzz-дің жазып үлгермеген альбомы жарыққа шығады

Сурет: instagram.com/d.juzz
Қазақстандық õzen лейблі Darkhan Juzz-дің жазылмай қалған альбомы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Дарханның альбомы аяқталмай қалды. Біз оны міндетті түрде аяқтап, шығарамыз. Барлық әнінің құқығын ұлы Ади мен қызы Айданаға мұра ретінде рәсімдейміз. Әр стримиңнен түсетін қаржы 100% отбасына беріледі. Дарханның мұрасын сақтап қалу үшін үлкен жұмыс жасайын деп жатырмыз. Оның әндері шексіз болсын", - делінген хабарламада.

Еске салайық, кеше, 24 ақпанда Darkhan Juzz лақап атымен танылған музыкант Дархан Жүнісбеков қайтыс болғаны хабарланған еді.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Дархан Жүнісбековтің Таиландтағы Пхукет аралында жол апатына түскенін нақтылады. Алматы жастары кеше Арбатта жиналып, марқұм әншімен қоштасты.

Дархан Жүнісбеков 1991 жылы 9 тамызда Алматыда туған. Оның "Үйде", "Сапар", "Шекер", "Кейіпкер" әндері көпшілік, әсіресе, жастар арасында танымал. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз