Жаңалықтар тізбегі
0

"Өлеңі тоқтамайды...". Алматылық қаралы қауым Darkhan Juzz-дың рухына тағзым етті

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2023 00:48 Сурет: видеодан алынды
Алматылықтар Таиландта қаза тапқан Darkhan Juzz бүркеншік атымен танымал, музыкант Дархан Жүнісбековпен қоштасып, оның рухына тағзым етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы қауым Арбатқа марқұмның Qazaq indie жанрындағы әндерін айту үшін жиналды. Блогер түсірген видеодан көрініп тұрғандай, жарығы қосылған ұялы телефондарын көкке көтеріп, әншінің әнін жаппай орындаған жанкүйерлер сүйікті музыкантымен осылайша қимай қоштасты. 


Бұған дейін хабарланғандай, белгілі қазақстандық әнші Дархан Жүнісбеков (Darkhan Juzz) Таиландта қаза тапты. Кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі әншінің Таиландтағы Пхукет аралында жол апатынан көз жұмғанын растады

Дархан Жүнісбеков (Darkhan Jazz) 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген. Ол рэп әндерін орындаушы, бірқатар әндердің авторы әрі саунд-продюсер. Darkhan Juzz өз шығармашылығында классикалық трап, акустикалық гитара және сыршыл лириканы жарасымды етіп, ұштастырады.  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: