Осыдан 35 жыл бұрынғы Наурыз тойы – Мәдениет және спорт министрлігі архивте сақталған киноқұжаттарды жариялады

Сурет: akorda.kz
Мереке қарсаңында Мәдениет және спорт министрлігі Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі жайында архивте сақталған фото, видеоматериалдар жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, бейнеролик Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінде сақталған материалдар негізінді жасалған.

Оның ішінде 1988 жылы Өскемендегі Наурыз тойы, 1989 жылы Алматы шет тілдер институты студенттерінің мейрамды атап өтуі және басқа да фотоқұжаттар бар.

Сондай-ақ "Қазақфильм" киностудиясы түсірген, режиссер С. Жармұхамедовтің "Қош келдің, Наурыз!" атты фильмінен үзінді көрсетіледі. Онда қазақтың салт-дәстүрі мен "Наурыз" мерекесінің шығу тарихы туралы айтылады. Түсірілім жұмыстары 1991 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданында өткен.

"Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінде қазақ халқының мәдениеті мен тарихынан сыр шертетін көптеген құжат сақталады. Соның ішінде Наурыз мейрамын тойлау дәстүріне қатысты да құнды материалдар бар. Халқымыз жаңару мен жақсылықтың белгісіне айналған мерекені ерекше қуанышпен қарсы алған. Самарқанның көк тасы жібіген күні ағайын-туыспен көрісіп, мол дастархан жаятын болған", – дейді Архив істері және құжаттамалық басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды