"Хабар 24" мәліметінше, ұрпақтан ұрпаққа сақталып келе жатқан қылышты музейге Айдар Тастеміров табыстаған. Темірден соғылған қылыштың жалпы ұзындығы – 98 см.
"Құнды жәдігерлердің бірі – 1845 жылы жасалынған Кенесары ханның қарындасы әйгілі Бопай ханым қылышы. Бұл қылыш 1845 жылы Санкт- Петербург қаласында әкелі балалы Николай Вильгельм Шафпен пен Людвиг Вильгельм Шафтың шеберханасында жасалған. Бопай ханым Кенесарының барлық шайқастарына қатысады. Ол 600 сарбаздан тұратын ерекше топты басқарды. Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде патша әскерінің жасақтарына жорықтар жасайды". "Батыр бабалар" мемориалды музейінің меңгерушісі Орынбасар Әлім
Жалпы, мәдени әрі рухани нысанда 150-ден астам тарихи құнды жәдігерлер сақталған. Ағайынды қолөнершілер Тұрсынжан, Махмұд, Айтберген Жетекұлдарының ағаштан, теріден, темірден жасаған бұйымдары мен қару-жарақтар мұндағы жәдігерлерді толықтырып тұр. Жыл сайын музей қызметкерлері тарихи экпедицияға барып, музей қорын жаңа экспонаттармен байытуды мақсат етеді.