"Иә!": Индира Еділбаеваға сүйіктісі Бали аралында ұсыныс жасады

Сурет: Instagram/indi_edilbayeva
Әнші Индира Еділбаева Instagram-дағы парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті. Оған жігіті Бали аралында демалып жүргенде күтпеген жерден тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Индира Еділбаеваға Headliner Music және "ИНЖИР" лейблі әртістерінің менеджері Камалдин Камирдинов сөз салды.

"Тура сол уақытта мұндай сәт ерекше толқытады екен. Сөзім жоқ, айтарым тек махаббат. "ИӘ!" дедім", - деп жазды Инди Еділбаева жариялаған видеоның сипаттамасына.

Жұпты құттықтағандардың қатарында Луина, НАЗИМА, Мәди Рымбаев, Дарья Александрова, продюсер Кейс, М'Ди және тағы басқалары бар. Сонымен қатар күйеужігіт те қызық пікір қалдырыпты. Ол "Егер сен осы пікірді оқып отырсаң, демек сен кешіктің!" деп жазыпты.

Индира Еділбаева 2020 жылы "Украина дауысы" жобасына қатысып, бұрынғыдан да көп таныла бастады. Ол Дэн Балан командасының атынан шығып, суперфиналға дейін жетті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді