Қазақстанның әр өңірінен жиналған 1 мың музыкант бір сахнада өнер көрсетті

Сурет: Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
"Астана опера" театрында тұңғыш рет өткізіліп отырған айтулы іс-шара аясында сахнада бір уақытта елдің әр өңірінен 1 мыңнан астам музыкант жиналып, өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Концерттік бағдарламаға еліміздің әр өңірінен барған 24 шығармашылық ұжым өкілі қатысты. Хор ұжымдары, оркестрлер, виртуоз аспапшылары, опера және халық әншілері атақты скрипкашы, дирижер және композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Марат Бисенғалиевтің "Ұлы дала әуені" атты одасын бірге орындады. 

Отандық мәдениет және өнер қызметкерлеріне арналған ауқымды туынды ұлттық және классикалық музыканы үйлестірген. Тыңдаушылар әсерге толы таныс әуендерді жаңа нұсқада тамашалай алды. 

Сурет: Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін Асхат Оралов сахнада өнер көрсеткен артистер мен шығармашылық ұжымдардың жетекшілеріне алғыс хат табыстады.

 "Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған іс-шаралар апталығын лайықты түрде аяқтадық деп ойлаймын. Біздің бастамамызды қолдағандардың бәріне және Мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында өнер көрсетуге шақыруды қабылдаған шығармашылық ұжымдарға рақмет айтқым келеді. Осы жобаға қолдау білдіріп, қатысқаны үшін Марат Бейсенғалиевке ерекше алғыс. Министрлігіміз мәдениет пен өнер саласын дамыту және қолдау бағытындағы жұмысты жалғастырады. Алдағы уақыта белгіленген нақты тапсырмаларды сіздермен бірге орындай алатынымызға күмәнім жоқ". Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов

Сурет: Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды