Қайрат Нұртастың "сыңары" табылды

Қайрат Нұртастың "сыңары" табылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2026 12:34 Сурет: Instagram/asanali__s
Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың "егізі" әлеуметтік желідегі парақшасында шынайы Қайратпен бірге түскен суретін жүктеді. Желідегі ағайын олардың қатты ұқсайтындарын жазып, таңданыстарын жасырмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарияланған сурет пен видеода Қайрат Нұртас пен оның стильінде киінген Асанәлі бейнеленген. Екеуінің негізгі айырмашылығы – Асанәлі әншіден бойы жағынан сәл ұзын.

"Сізбен бірге жарнамаға түскеніме қуаныштымын. Аңызсыз",- делінген Асанәлі қалдырған жазбада.

Әншінің жанкүйерлері де суретке қызу пікір білдіріп, Асанәліге де Жұлдыздай жар табуына тілек білдірді.

Белгілі болғандай, ол тойларда жиі Қайрат Нұртастың әнін шырқап, өнер көрсетеді.

Бұған дейін Алматыда 11 мың домбырашы бір мезетте күй орындамақ екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: