"Славян базарының" балаларға арналған байқауында Қазақстан өкілі жоғары бағаға ие болды

Сурет: 24.kz
Беларусь елінде XXXII-ші халықаралық "Славян базары" фестивалі аясында балалар музыкалық байқауының соңғы күні өтіп жатыр. Қазақстанның абыройын асырып, жас әнші Шерхан Арыстан байқаудың бірінші күні қазылар алқасының ең жоғары ұпайына ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24-тің" мәліметінше, Беларусьтың Витебск қаласындағы әйгілі музыкалық сайысқа әлемнің 18 елінен үміткерлер келген. Ал қазылар алқасына Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева төрағалық етіп отыр. Байқаудың алғашқы күнгі қорытындысы бойынша Қазақстан көш бастап тұр. Әділқазылар жас талантымыз Шерхан Арыстанның өнеріне жоғары баға берді.   

Жалпы біздің өнерпаздар 20 жылдан бері бұл байқауға үздіксіз қатысып келеді. Және де жүлдесіз қайтқан кезі жоқ. Биыл да отандастарымыздың бағы басым болатынына сенім мол.

"Qazaqstan дауысы. Балалар" финалында Шерхан Арыстанның орындаған әнінің видеосы:


Беларусь

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр