Алматыда мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласында мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы тамыз айынан бастап 30%-ға ұлғаяды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы мәслихаты осындай шешім қабылдады. Қала әкімдігінің мәліметінше, хайуанаттар бағы, цирк, қуыршақ театры, "Алатау" дәстүрлі өнер театры, мемлекеттік мұрағат, кітапхана, музейлер бірлестігі, "Алматы әуендері" ұйымы қызметкерлерінің жалақысы өседі.

Қазіргі уақытта мәдениет саласы қызметкерлері жалақысының орташа деңгейі – 138 мың теңге.

Алматы мәдениет басқармасының хабарлауынша, жалақыға байланысты жас мамандар жұмыстан жиі кетеді және бұл өз кезегінде жас білікті кадрларды тәрбиелеуді қиындатады. Сондықтан Алматы қаласы мәдениет басқармасының ұйымдары, кәсіпорындары қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу мәселесі Алматы қаласы мәслихатының қарауына ұсынылды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі