91-тобының тікелей эфирдегі тосын мәлімдемесі жанкүйерлерді дүрліктіріп жіберді

Сурет: видеодан алынды
Tik-tok-та тікелей эфир барысында 91-тобының мүшелері жанкүйерлерден келіп түскен сұрақтарға жауап берген видеосы тарады. Сондай бір жауап әншілердің өнеріне табынушылар үшін күтпеген соққы болып тиді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардан топтың болашаққа жоспары туралы сұралады. Жігіттер, алдымен белгісіз мерзімге демалысқа кететіндерін айтады, одан кейін тіпті уақытын да нақтылайды.

"Біз қысқа дейін концерт береміз. Содан кейін белгісіз мерзімге, 1-2 немесе 3 жыл үзіліс жасауды жоспарлап отырмыз. Мүмкін әрқайсымыз өз жолымызбен кететін шығармыз. Мүмкін бағытымыз өзгерер. Біз қазіргі образымыздан демалып, үзіліс жасағымыз келеді. Қайтып келсек те бәрі бұрынғыдан өзгеше болуы мүмкін”, – деді топ мүшесі AСE.

Мұны естіген топ жанкүйерлері дүрлігіп кетті. Олардан тарамауын сұрап, наразылық білдірді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді