Төреғали Төреәлі көлік жүргізу куәлігінен айырылғанына өкініп отыр

Сурет: instagram.com/toregalitoreali/
Әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шыққаннан кейін алғаш рет Instagram-да жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ер жігіттің жарамас жылағаны, Ештеңе етпес сүрініп, құлағаны. "Орнында бар оңалар" бәрін қойшы, Праваны айтсайшы пыраваны!", - деп жазды ол.

Әншінің оқырмандары бұл жазбаға түрлі пікір жазып жатыр:

2023 жылы 14 маусымда түс ауа полиция Төреғали Төреәліні ұстады. Ол полицейлерге бағынбай, балағат сөздер айтып, полицейлерден қашпақ болған. Одан кейін 20 күн түрмеге қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Әншінің қорғаушысы Төреғали Төреәліні ұстау кезінде полицияның заңсыз әрекетке барғанын айтты.

Кейін полицейлердің заңды талабын орындамағаны үшін әншіге тағы үш күн қосылды.

2023 жылғы 3 шілдеде әнші тағы 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.

Әнші 18 шілдеде бостандыққа шықты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды