Жаңалықтар тізбегі
0

Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты

Алматы, әнші, жұлдыз, полицей, Төреғали Төреәлі Сурет: Instagram/toregalitoreali
Танымал әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл хабарды 2023 жылғы 18 шілде күні әншінің қорғаушысы Елнұр Кішкенебаева TikTok парақшасында жариялады.

@kishkenebaeva.elnura

Төреғали ұлдарыңыз бостандыққа шықты. Барша қолдап, қорғаған оқырмандарға мың алғыс! Бәрі жақсы, уайымдағандарыңыз үшін рақмет айтамын!

♬ оригинальный звук - advokat.elnura

Ол жанкүйерлердің әншінің қайда екенін, қашан шығатынын сұрап жазған сұрақтарын қоса жариялады.

"Төреғали ұлдарыңыз бостандыққа шықты. Барша қолдап, қорғаған оқырмандарға мың алғыс! Бәрі жақсы, уайымдағандарыңыз үшін рақмет айтамын", – деп жазды қорғаушы.

2023 жылы 14 маусымда түс ауа полиция Төреғали Төреәліні ұстады. Ол полицейлерге бағынбай, балағат сөздер айтып, полицейлерден қашпақ болған. Одан кейін 20 күн түрмеге қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Әншінің қорғаушысы Төреғали Төреәліні ұстау кезінде полицияның заңсыз әрекетке барғанын айтты.

Кейін полицейлердің заңды талабын орындамағаны үшін әншіге тағы үш күн қосылды.

2023 жылғы 3 шілдеде әнші тағы 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз