Жаңалықтар тізбегі
0

Төреғали Төреәлі көлік жүргізу куәлігінен айырылғанына өкініп отыр

Төреғали Төреәлі Сурет: instagram.com/toregalitoreali/
Әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шыққаннан кейін алғаш рет Instagram-да жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ер жігіттің жарамас жылағаны, Ештеңе етпес сүрініп, құлағаны. "Орнында бар оңалар" бәрін қойшы, Праваны айтсайшы пыраваны!", - деп жазды ол.

Әншінің оқырмандары бұл жазбаға түрлі пікір жазып жатыр:

  • Праваны қойшы, ата-ананың ауырған жүрегі мен абыройды айт;
  • Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді. Ең бастысы аман бол;
  • Праваны қайтесің пыраваны, Өзіңсіз қызық емес қыр алаңы, Төреғалижан-ау бұл қазақ аямайды, Құрбан болып, рухы сынып жылағанды;
  • Праваның керегі не, правасыз шапшы.

2023 жылы 14 маусымда түс ауа полиция Төреғали Төреәліні ұстады. Ол полицейлерге бағынбай, балағат сөздер айтып, полицейлерден қашпақ болған. Одан кейін 20 күн түрмеге қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Әншінің қорғаушысы Төреғали Төреәліні ұстау кезінде полицияның заңсыз әрекетке барғанын айтты.

Кейін полицейлердің заңды талабын орындамағаны үшін әншіге тағы үш күн қосылды.

2023 жылғы 3 шілдеде әнші тағы 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.

Әнші 18 шілдеде бостандыққа шықты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз