Төреғали Төреәлінің туыстары медициналық сараптама нәтижесіне сенбей отыр
Сурет: instagram.com/toregalitoreali/
Төреғали Төреәлінің туыстары медициналық сараптама нәтижесіне сенбейді. Әншінің қорғаушылары тәуелсіз сарапшылар көмегіне жүгініп, қанын қайта тапсыртқан. Қазір нәтижесін күтіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Адвокаттары Төреғалидің арақ пен есірткі қолданбағанын дәлелдеп қана қоймай, әншіні ұрып жықты деген полицейлерді де жазаламақшы.
"Машинадан сүйрелеп, жерге, бетонға, асфальт жолға басымен жерге құлатып, барлық полиция қызметкері жабылып, қылмыскер, ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді ұстағандай, қылмыскер ретінде көрсету арқылы әрекет жасады. Ол полиция тарапынан заңсыз болып саналады. Соның салдарынан Төреғали ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Себебі басынан қатты соққы алған. Денесінен қаншама жарақат анықталды". Әншінің адвокаты Тілеужан Кішкенебаев
Еске салайық, полицейлер Төреғали Төреәліні 14 маусымда түстен кейін ұстады.
Алматы полициясы әншіні ұстау сәтінің толық видеосын жариялады. Видеоға әншінің полицейлерге бағынбай, балағат сөздер айтып және оқиға орнынан қашуға тырысқанын түсіп қалған. Оны көліктен шығару үшін полицияның бірнеше қызметкерінің жабылуына тура келген.
Кейінірек Төреғали Төреәлі көлік жүргізу куәлігінен 7 жылға айырылып, 20 тәулікке қамалғаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript