Көкшетаулық жігіт жұмыс орнында жарақат алды
Сурет: ҚР пермьер-министрінің баспасөз қызметі
Қазір еңбек инспекторын тексеріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
20 жастағы Көкшетау тұрғыны жұмыс орнында аяғының жартысынан айырылды. Мұны полиция растады. Қазір еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жедел жәрдемнен полицияға хабар 20 тамызда түскен. 20 жастағы қала тұрғыны облыстық аурухананың қабылдау бөліміне «сол аяқтың үштен бір бөлігі деңгейінде травматикалық ампутация, сол жақ аяқтың үштен бір бөлігінің жұмсақ тінінің жыртылуы» диагнозымен жеткізілген.
Жедел-тергеу тобы жәбірленуші кәсіпорындағы жұмыс орнында жүк көтергіште, жүктерді тасымалдауға арналған құрылғыда жұмыс істеу кезінде жарақат алғанын анықтады. Ақмола облысының полиция департаменті
Полиция Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 156-бабы – «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript