Елімізде 16 мыңнан астам студент спорт, мәдениет және туризм саласын таңдаған

Сурет: Zakon.kz
Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, 2023-2024 оқу жылы оқуға қабылдауға 4288 өтініш тіркелді. Оның ішінде 3468 – жоғары оқу орындары, 312 – колледждер, 508 – мектептер. Ал Министрлікке бағынысты оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бөлінген орын саны - 2562.

Қазір мәдениет және спорт министрлігінің жанынан 5 жоғары оқу орны, 9 колледж және 2 мамандандырылған музыкалық мектеп жұмыс істейді, онда барлығы 16 337 адам оқиды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен қаржыландырылатын 20 музыкалық колледж және 160 музыкалық мектеп жұмыс істейді.

Министрлік биыл жөнделген оқу орындары туралы ақпарат берді: 


"Барлық жөндеу-құрылыс жұмысы санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, мәлімделген мерзімдерге сәйкес аяқталады. Сонымен қатар,жыл сайын музыкалық аспаптарды, спорттық құрал-саймандарды және басқа да қажет жабдықтарды сатып алуға қаражат бөлінеді. Келесі жылы бұл мақсатқа мәдениет және өнер саласындағы 4 колледжге 133 млн теңге бөлінеді", - деді Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы Жанат Ахметов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде тұрғын үйлердің маңына автокөліктерді қоюға тыйым салынады деген рас па - түсініктеме

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

Астана медицина университетіне академик Төрегелді Шармановтың есімі беріледі – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан мен Қырғызстан Жамбыл облысына су беру туралы келісімге келді