"Этносаралық қатынас тілі": Қазақ тіліне қатысты челлендж басталды

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан халқы тілдері күніне орай "Менің таңдауым – қазақ тілі!" жалпыреспубликалық челленджі басталды.

"Менің таңдауым – қазақ тілі!" жалпыреспубликалық челленджін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырып отыр.

Мақсат – қазақ тілі арқылы қазақстандық бірегейлікті нығайту, барлық қазақстандықтарды мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі идеясының айналасына топтастыру.

Челленджге қатысушылар роликтерінде өзінің ой-пікірлерімен қазақ тілін неге жақсы көретінін, қазақ тіліне қалай үйреніп-меңгергені жөнінде жеке тәжірибесін айтады.

Іс-шараға танымал тұлғалар, жастар, парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қатысып жатыр. Челлендж 7 қыркүйекке дейін жалғаспақ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті