Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай өткен айтыстың бас жүлдесі кімге бұйырды

Павлодарда Естай атындағы мәдениет сарайында Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай "Ақынның сыйлығынан - сөзі қымбат" атты айтыс ұйымдастырылды. Дүбірлі додада 10-нан астам айтыскер бақ таластырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айтыс нәтижесі бойынша, бас жүлдені және 500 мың теңгелік сертификатты Нұрбек Бәкір ұтып алса, бірінші орынды Қайролла Хафиз иеленіп, 400 мың теңге алды. Екінші орынды және 250 мың теңгелік сыйақыны Нұрқанат Қайрат пен Бөкен Жігер иеленді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

Үшінші орынға Оразбек Саяхат пен Нұрсұлтан Рымбай табан тіреп, 150 мың теңгелік сертификаттың иелері атанды. 

Зекебай Солтанбайұлы атындағы арнайы жүлде Алпысбай Хонжға, Арман Қани атындағы арнайы жүлде Ерлан Аманқожаға бұйырды. Арнайы жүлде алғандарға 100 мың теңгелік сыйақы табысталды. Сонымен қатар, әр қатысқан ақынға 80 мың теңгелік ынталандыру жүлдесі берілді. 

Айта кетсек, аталған айтысқа қатысқан ең жас ақын - Ибрахим Қазбек. Бүгінде ақынның жасы 16-да. Бұған дейін де бірнеше айтысқа қатысып, халықтың ықыласына ие болған. 

Павлодар
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: