"Садраддинның "Түн" әніндегі "Әке жайлы айтпаймын, қозғамаймын өлең де" деген сөзі үлкен романда сипаттай алмайтын адам өміріндегі үлкен трагедияны екі сөзбен жеткізіп тұрғандай. "Ұлым" демейтін әкелер болса да, "Елім" дейтін ұл туады дегенменен. Елестетіңізші, 10 мың адам осындай ұлымыз бар деп мақтанып тұрды ол арада. Жаратқан ием жар болсын! Тілектеспін. Еркектерге, балаңыз өлеңге қосатындай өмір сүріңіз, әйелдерге, балаңыз осындай болатындай өмір сүріңіз дегім келеді, делінген тележүргізуші жазбасында.
Айта кетсек, күні кеше жас әнші Садраддин Болаттың "Алматы арена" кешенінде жеке концерті өтті. Бұл концертті ұйымдастыру кезінде әншінің досы, блогер Дархан Жолшыбеков 70 млн теңге көлемінде қаржылық көмек көрсеткен деген ақпарат та бар.
Әнші сұқбаттарында әкесі туралы көп айта бермейді. "Уақыты келгенде әкем туралы әңгімені әнмен жеткіземін. Әкеме ешқандай ренішім жоқ. Уақыты келгенде айтылады", - деген еді ол бір сұқбатында.