Алматыда жігітімен ұрсысып қалған бойжеткен 10-қабаттан құлап кетті

Жедел жәрдем, Алматы, Алатау ауданы, бойжеткен, 10-қабат, құлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2026 16:22 Сурет: Zakon.kz
Өткен түні Алматының Алатау ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 20 жастағы бойжеткен 10-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10-қабаттан құлаған ол бірінші қабаттағы темір қалқаға соғылып, кейін жерге ұшып түскен.

"Зардап шегуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта дәрігерлер жағдайы ауыр оның өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салуда", делінген полиция хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға алдында бойжеткен мен оның жігіті арасында ұрыс-керіс болған.

Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты анықталып жатыр.

Бұған дейін Ақмола облысында екі қыз көлікпен бірге суға батып кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: